Жаңадан жасалған 7 керемет тізімі


Жаңа 7 керемет тізімі бұрынғы заманның әлемге әйгілі кереметтерінен еш кем де емес. Бұл тізім көптеген интернет пайдаланушылары арқылы дауыс беру әдісімен жасалынағн. 100-деген миллион дауыстардың арқасында таңдалған бұл керемет жерлерге басқа қосып айтарлық еш сөзім жоқ. Бейнелердің астыларында берілген сілтемелер бойынша сіздер толық бейне галлереяларын көре аласыз. Олай болса кеттік,

7. Чиче́н-Ица́, Мексика

[Суреттер галереясы]

Чичен-Ица Мексика мемлекетінің оңтүстік-орталығындағы Юкотан штатында орналасқан, 10 шаршы километрді алып жатқан ежелгі қираған қала. Ица тайпасының әулие қаласы қазіргі Мерида қаласынан 75 батысқа қарай 120 км-де орналасқан. Жергілікті тұрғындардың тілінен аударған ол «Ица тайпасының Құдығы» деген атауды береі. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Пікір қалдыру

Filed under 7 керемет

Осы күнге дейінгі ең керемет 7 композитор


Әлгі мен осы тізімдерді алып жүрген ағылшын тіліндегі Топ 10 сайтында мына керемет тізімді тауыр алғанымда өзімде қызығып кеттеім де, еш күтпестен оқып отырып аударуға кірісіп кеттім. Менің блогымда мұндай керемет әлемге әйгілі адамдардаың аттары болуына өзім де қатты қуанып кеттім. Ал кеттік онда әдеттегідей соңынан бастайын.

P.S. айта кетерлік жәйт әлгі сайтта лоардың саны 15 болған. Барлығы да жазуға тұрарлық керемет композиторлар еді, бірақ өзім тек 7-ге дейін санай алатын болғандықтан ))) ең керемет деген 7-уін жазып өтейін.

7. Фредерик Шопен

Фредери́к Франсуа́ Шопе́н – 22 ақпанда 1810 жылы, Варшава маңындағы Желязово-Воля ауылында дүниеге келген. Ол композитор, асқан шебер пианиношы және де педагог болған.

Шопеннің өзінің айтуы бойынша ол оркестрлікті түсінбеген, сондықтан достарынан тәлім алған. Рояльда өзі керемет ойнап жатса оркестрдің де керегі жоқ емес па.

Шопеннің мелодияны деген түсінігі керемет болған, ол қысқалай балладалар, этюдтер, сонаталар, мазуркалар, вальстер және де көптеген жанрларда мелодиялар жазған.

Оның ең керемет шығармасы №1 Баллада Соль Минор (жоғарыда соның бейне ролигі).

Оқуды жалғастыру

2 пікір

Filed under 7 композитор

7 таңғажайып жерлер


Күнделікті өмірден шаршағаннан кейін, басқа да қызықтарды ойлап, бір керемет ертегідегі жерлерді армандап кетеміз. Міне сол армандағы таңғажайып жерлер мен қалалардың ең кереметтерінің тізімі…

Әрине бұл тізімдегі қалалардың болғандығы немесе оның аңыз екендігін мен тура айта алмаймын…бірақ кереметтігінде шек жоқ.

 

7. Эль Дорадо


Ғажайыптылығының себебі – бұл алтын қала

Эль Дорадо таңғажайып алтыннан салынған қала болатын. Бұл бір өзі армандаған қалаңның бірі, іздегеніңнің барлығын тап осында табуға болады. Қанша осында болсаңызда бәрібір құмарына қана алмайсыз. Ол оңтүстік Американың бір жерлерінде орналасқан, тарихта аты қалған қала. Оқуды жалғастыру

Пікір қалдыру

Filed under 7 керемет

Қарапайым адам бара алмайтын жерлер


Жер бетінде біз білмейтін және білгеннің өзінде де бара алмайтын, кіре алмайтын құпия жерлер көп. Осы берілген тізімде қарапайым халыққа есігі жабық, кіре алмайтын жерлерді жазып кетейін.

7. Ватиканның құпия мұрағаттары

Бұл мұрағаттағы документтерді көруге болады, тек өзіңіз кірмейсіз, және де ол документтерге 75 жыл болуы керек осында тұрғанына. Оның себебі дипломатиялық және мемлекеттік ақпараттарды қорғау үшін. Оқуды жалғастыру

4 пікір

Filed under 7 құпиялы жер

Жер бетінде ең көп адамдар сөйлесетін тілдер!


Тіл адамзаттың ең қажетті құралы, адам заты тілдің арқасында осы қазіргі жағдайға да жетіп отыр. Қазіргі таңда жер бетінде көптеген әр-түрлі тілдер бар. Осы мақаламда Ең көп қолданылатын, ең көп адамдар, халық сөйлесетін тілдердің тізімін жазып өтпекшімін.

7. Бенгали

Сөйлейтін адам саны – 211 миллион

Бангладеште халық саны – 120 миллион. Соның барлығы бенгали тілінде сөйлейді. Үндістанмен қоршалып жатып, халық санының тез өсуіне байланысты бенгали тілін сіз ойлағаннан да көп адам қолданады.

Бенгали тілінде «Сәлеметсіз бе» деген – «Ei je» болады.

 

6. Араб тілі

Cөйлейтін адам саны- 246 миллион

Араб тілі ежелгі тілдердің бірі. Көбіне Қиыр Шығыста – Сауд Арабиясы, Кувейт, Ирак, Сирия, Йордания, Ливан және Мысыр елдерінде сөйленеді.

Қасиетті Құран кәрім араб тілінде жазылғандықтан барлық мұсылман жамағаты араб тілін біледі. Бұл тіл бойынша көптеген ғылыми ізденіс жұмыстар болғаннан кейін, БҰҰ оны жер бетіндегі ресми  6-шы тіл ретінде қойды.

Араб тілінде «Сәлеметсіз бе» «Al salaam a’alaykum» болады.

 

5. Орыс тілі

Cөйлейтін адам саны- 277 миллион

Орыс тілі – бұл ұлы Пушкин мен Лермонтовтардың тілі. Ия біздің Қазақ жерінде қазіргі күні орысша білмеймін деген қазақ жоқ шығар, қайта олар қазақша сөйлей алмайды ғой. Міне осылай баяғы Совет өкіметі мемлекеттерінің көбісі қолданылатын бұл тіл 5 орынға шығып отыр.

Орысша «Сәлеметсіз бе» әрине сіздің білетіндей сол баяғы «Здраствуйте» болады.

 

4. Испан тілі

Cөйлейтін адам саны- 392 миллион

Испан тілінде бүткіл Орталық және Оңтүстік Америка тұрғындары сөйлейді, соның ішінде Куба мен Испанияны да қоса кетсек болады.

АҚШ-ты бастауыш мектептерінде испан тілі сабағы жүргізіледі. Американдық сөздердің бір шамасы осы испан тілінен алынғандықтан бұл тіоге деген қызуғышылық көп.

Испан тілінде «Сәлеметсіз бе» деген «Hola» болады.

 

3. Үнді тілі

Cөйлейтін адам саны – 497 миллион

Үнді тілі Үндістанның ресми тілі. Бірақ оның көптеген диалекттері бар. Ең көп сөйленетіні әрине өзіміздің білетін хинди. Менің олай жазған себебім Үнді фильмін көрмеген адам жоқ шығар.

«Сәлеметсіз бе» деп үнді тілінде «Namaste» болады.

 

2. Ағылшын тілі

Cөйлейтін адам саны – 508 миллион

Ағылшын тілін мен өзім бұрын ең 1-ші орында тұрытын деп ойлайтынмын. Бірақ өкінішке орай 2-ші орында екен. Сонда да ағылшын көптеген мысалыға: Жаңа Зеландия, Аустралия, АҚШ және Ұлы Британия мемлекеттерінің ресми тілі болып саналады. Қап әттеген-ай деп енді 1-ші орындағыны көрейік.

«Сәлеметсіз бе» деген ағылшынша »Hello» болады.

 

1. Мандарин тілі

Cөйлейтін адам саны – 1 миллиардтан жоғары

Ал басына да жетіп қалдық, міне 1-ші орында ең халқы көп ел Қытайдың тілі мандарин. Ағылшын тілін артқа қалдырып кеткен бұл тілді үйренуде өте қиын. Бірақ 1 миллиард халық сөйлеп жүрсе сенде үйреніп көр.

Мандаринше «Сәлеметсіз бе» »Ni Hao»болады екен.

 

2 пікір

Filed under 7 тіл

7 кереметтің келесі бір тізімі.


Әдетте бұл ғажайып жерлерді кейбіреулерің ғаламтордан көрген боласыздар, бірақ бұл тізімдегі керемет жерлерді баяғы танымал «7 керемет» секілді көп елдер біле бермейді. Оған қарамастан бұл тізімдегі әрқайсысы туралы айтып өтуге әбден болады. Сондықтан келесі жерлерді ең болмаса суреттен көріп біле отырыңыздар.

7. Банауэ Күріш Террассалары, Филиппин аралдары

Банауэ Күріш Террасаларын Филлипинде Ифугао тауларында 2000 жыл бұрын Филлипиндықтардың ата-бабалары жасаған. Олар бұл күріш Террасаларын жер бетіндегі 8-ші керемет деп атаған. Барлық жұмыс әрине қолдан жасалынған. Террасалар жер бетінен 1500 метр биіктікте орналасып, тау беткейлерінің 10360 шаршы шақырым аймағын алып жатыр. Мұнда су жоғарыда орналасқан ежелгі тропиктік ормандар арқылы келеді.

Егерде осы текпішектерді ұзыннан бірінен кейін бірін қоятын болса жер бнтінің жартысын орайды екен. Жергілікті тұрғындар осы күнге дейін мұнда күріш пен жеміс-жидек егіп өсіріп жатыр. Бұл керемет жерлерге жақсы күтім қажет.

6. Сигирия, Шри-Ланка

Сигирия (Арыстан тауы) Шри-Ланкадағы Матала деген жерде орналасқан ежелгі тас бекініс, айналасында бақтар мен су қоймалары орналасқан. Және тағы да бір туристтерді қызықтыратыны ол Үндістандағы Аджанта үңгірлеріне ұқсаған сылақ жазулары (фреска). Сигирия 470 жылдары Кассапа 1 патшаның билік еткен кезінде соғылған. Шри-Ланка ең керемет жерлерінің бірі саналады.

5. Аджанта үңгірлері, Үндістан

Аджанта үңгірлері Үндістандағы Махараштра ауданында орналасқан. Ол үңгірдің ішінде танысуға арналып жасалған ескерткіштер және будда дінінің ең керемет шедеврлары ойылып салынған. 480 жылдарға дейін Аджанта үңгірлері қараусыз қалған. 1300 жыл бойы үңгірдің аймағында орман өсіп оны сырт көзден тығып қалған. 1819 жылы ғана Мадрастағы британ офицері тигрдің артынан қуып сол жерге тап болған, содан қайта табылған. Тек құстар, жарқанаттар мен жануарлардың апаны болып кеткен екен. Капитан Смит қабырғаға өзінің аты мен сол күнгі датаны жазып кеткен.

4. Метеора

Метеора («тоқтатылған жартастар») Грецияның Афон тауларынан кейінгі екінші үлкен және маңызды монастырь болып табылады. Орталық Грецияда Пинео өзені мен Пинд тауының аймағында 6 монастырь соғылған болатын. Монастырьлерге жол өте қиын етіліп жасалған, оларға жету үшін көптеген текпішектерден өту қажет. Жоғарыға жету үшін құдайға деген сенімдері мықты болу керек.

3. Баган, Мьянма

Баган Бирмадағы Мандалай ауданында орналасқан ежелгі қала. Ежелгі Бирманың көптеген мемлекеттерінің астанасы болған, сол ензден бері аты Arimaddanapura немесе Arimaddana (қарсыластарды қиратушы қала), Tambadipa (жез Жері) немесе Tassadessa деп ауысып келген.

2. Лептис Магна, Ливия

Лептис Магна Рим империясының көрнекті қаласы болған. Оның қираған үйінділері Ливияда Аль Хумс деген жерде орналасқан. Бұл аймақ Рим империясының қол тигізбеген ең көрнекті жерлерінің бірі болып табылады. Қаланы б.з.д. 1100 жылы Финникиялықтар соққан деген деректер бар, бірақ кейін б.з.д. 4 ғасырда Карфаген Жер Орта теңізінің ең мықты державасы болып, бұл қаланы өзінің қарамағына алған. Соңына келе б.з.д. 146 жылы Рим Империясының бөлігі болады.

1. Цельсий кітапханасы, Туркия

 

Цельсий кітапханасы 12000 свитоктарды сақтау үшін және Цельсий (92 жылы консул және 115 жылы Азияда губернатор болған) моласының монументі ретінде соғылған болатын. Бұл ғимарат ежелгі Римнен қалған маңызды кітапхана.

This slideshow requires JavaScript.

1 пікір

Filed under 7 керемет

Тарихтағы ең 7 жан түршіктірерлік теңіз қарақшылары


Әйгілі Джонни Депп ойнап көрсеткен бұл ғажайып аттары аңызға ұшыраған теңіз қарақшылары қазіргі таңда көркемфильмдер мен мультфильмдердің басты кейіпкерлеріне айналған. Бірақ шындығына келіп тарихқа үңілетін болсақ, көптеген жағдайларда олар Голливудта көрсетілгеннен әлде-қайда жауыз болған.

This slideshow requires JavaScript.

Жауыз деген сөзді тура мағынада қолдануға болады, себебі олар мыңдаған адамдарды тонап өлтіріп, қалғандарын құлдыққа алған. әлгі кітаптардағы күлкілі суреттерге қарағанда, олар таза теңіз қарақшылары болған. Міне мәліметтер…

7. Франсуа л’Оллонуа, журек жегіш аталған

Француз теңіз қарақшысы Франсуа л’Оллонуа шындығында Испанияны қатты жек көрген. Өзінің бастапқы қарақшылықтық күндерінде, л’Оллонуаны Испаниялық соғыс кемесі өлтіре жаздаған. Сол кезде ол әрең тірі қалғанына қарамастан Испанияға өле өлгенше қарсы болатынын шешті. Испандық кемелерді тонап, барлық экипажының бастарын алған. Тек біреуін аман алып қалып, сол арқылы испандықтарға «Мен енді қандай да болсын Испандыққа жол бермеймін» деп хабарлама жіберіп отырған. Оқуды жалғастыру

2 пікір

Filed under 7 қарақшы

Форбстың 7 ең бай адамдар тізімі


Форбс сайтының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта дүние жүзінің ең бай адамы Карлос Слим Хэлу болып есептелінеді.

1. Карлос Слим Хэлу   – Мексика

Карлос Слим 1940 жылы 28 қатарда туылған. Оның тегі араб, мексикалық бизнесмен. Финанстық қаражаты Teléfonos de México, Altria Group ( Philip Morris), Telcel и América Móvil деген телекоммуникация индустрияларынан жиналған.

2010 жылы » Америка мобиль» атты компанияның акцияларының 27 пайызға жоғарылауына байланысты қаражаты 74 миллиард долларды құрады.

2. Билл Гэйтс   –  56 миллиард доллар      АҚШ

3. Уоррен Баффет    –  50 миллиард доллар      АҚШ

4. Бернар Арно     –  41 миллиард доллар         Франция

5. Ларри Эллисон  –  39,5 миллиард доллар    АҚШ

6. Лакшми Миттал   –  31,5 миллиард доллар   Үндістан

7. Амансио Ортего   –  31 миллиард доллар    Испания

This slideshow requires JavaScript.

2 пікір

Filed under Форбс санағы

Исламның 7 кереметі (бейне фильм [ағылшынша])


Ислам дініне назар…шет елге дайындалған ағылшын тіліндегі ислам туралы бейне фильм. Ағылшынша түсінсеңіз өте керемет және түсінікті етіп түсірілген.

Исламның 7 кереметі (1/8 бөлім)
Оқуды жалғастыру

2 пікір

Filed under 7 керемет

Исламның 7 кереметі


Ислам діні өте жаңа және де таза дін.

Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тəңір жоқ екендігіне жəне Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен жəне дене мүшелерімен куəлік беруді айтады.

Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл əрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат4 жоқ.Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-əрекет міндеттелмеген.

Міне осы керемет әлемнің өзінің де кереметтері бар. Сол керемет мешіттерді тізіп өтейін.

7. Дженне мешіті

Оқуды жалғастыру

4 пікір

Filed under 7 керемет