Тарихтағы ең 7 жан түршіктірерлік теңіз қарақшылары


Әйгілі Джонни Депп ойнап көрсеткен бұл ғажайып аттары аңызға ұшыраған теңіз қарақшылары қазіргі таңда көркемфильмдер мен мультфильмдердің басты кейіпкерлеріне айналған. Бірақ шындығына келіп тарихқа үңілетін болсақ, көптеген жағдайларда олар Голливудта көрсетілгеннен әлде-қайда жауыз болған.

This slideshow requires JavaScript.

Жауыз деген сөзді тура мағынада қолдануға болады, себебі олар мыңдаған адамдарды тонап өлтіріп, қалғандарын құлдыққа алған. әлгі кітаптардағы күлкілі суреттерге қарағанда, олар таза теңіз қарақшылары болған. Міне мәліметтер…

7. Франсуа л’Оллонуа, журек жегіш аталған

Француз теңіз қарақшысы Франсуа л’Оллонуа шындығында Испанияны қатты жек көрген. Өзінің бастапқы қарақшылықтық күндерінде, л’Оллонуаны Испаниялық соғыс кемесі өлтіре жаздаған. Сол кезде ол әрең тірі қалғанына қарамастан Испанияға өле өлгенше қарсы болатынын шешті. Испандық кемелерді тонап, барлық экипажының бастарын алған. Тек біреуін аман алып қалып, сол арқылы испандықтарға «Мен енді қандай да болсын Испандыққа жол бермеймін» деп хабарлама жіберіп отырған.

Бірақтан бұл тек басы ғана еді. Ары қарай не болғанына қарағанда әлгі бастары алынған Испандықтардың жолдары болған деп айтуға да болады.

Өзіне атақ жинап алған соң, л’Оллонуа 8 кемеден және жүздеген адамнан тұратын флот жинап, Испандықтар басқарып отырған Оңтүстік Америка жағалауларындағ қалаларды террорлауды бастады. Испанияға қайтып бара жатқан кемелердегі асыл қазыналарды тонап, бүкіл Испанияға қатыстыны қиратып отырған. Ол тағы бір Португалдық саудагерді де Испандықпен не айырмашылығы бар деп өлтірген деген де әңгімелер бар.

Бірақ л’Оллонуа Венесуэлла жағалауларынан қайтып келе жатқанда, Испандықтардың қолына түсіп, флотының адамдары қырылып қалды. Ол аздаған тірі қалған адамдарымен әрең құтылып қашып кетті. Жолда испандықтардың кебіреулерін тұтқынға да алып үлгерді. Қайда барарларын білмей, қай жерден Испандық кеме шығады екен деп қашып жүрді. Енді не істейді?

Ештеңесі жоқ, л’Оллонуа өзінің қылышын суырып алып тұтқынның біреуне сұғып, оның жүрегін ойып алып, қасқырша тістелей бастады. Өзінің қалған адамдарына «Егер маған қызмет етсеңдер, мен де сендерге мәңгі қызметте боламын» деген.

6. Жан Лафит, Георг патшаның өзін мойындамаған

Жан Лафит өзінің әйелдік есімі мен французстық нәзіктігіне қарамастан керемет қарақшы болған. Ол Жаңа Орлеанда кемелерді тонап, Луизианада толық бір аралды басқарған. Жаңа Орлеанның губернаторы Лафитті ұстау үшін 300 доллар құн қойған кезде Лафит сол губернатордың өзін ұстау үшін 1000 доллар құн қойған дегенге қарағанда ол шынында өте бай болған көрінеді.

БАҚтар және өкімет Лафитті қауіпті жауыз және массалық адам өлтіруші, 17 ғасырдың Усама  Бен Ладені сиақты есептеген. Оның аты бүкіл Атлант мұхитына шыққан көрінеді себебі, Латиф 1814 жылы Британдықтарға барып, олардың королі Джордж III -ге өзіне қосылуы, бірігуі туралы хат хабарлама жіберген. Және қосылған жағдайда азаматтық және жер беретіні туралы уәде берген. Ал егерде қарсы болған жағдайда оның кішкентай аралын қиратып, металл сынықтарына сатып жіберетінін жазған. Осы шешімге келу үшін Лафит 3 күн беріп, өзі Жаңа Орлеанға кетіп, ағылшындықтардың келе жатқаны туралы хабарлама айтқан.

Өзі Американдық болмаса да, Лафит жаңа мемлекетке таңдана қарап, өзінің және өзге кемелерге Америкаға шабуыл жасамауын ескртті. Бір теңіз қарақшысы оны тыңдамаған болатын, Лафит оны өз қолымен өлтірді. Ол Жаңа Орлеанда адамдар арасында ер атанған, себебі оның арзан тауарлары ақшасы аз адамдар үшін керемет олжа болды.

Ия АҚШ Лафит Британдықтар келе жатыр дегенде не деп жауап берді екен. Сол кездегі болашақ АҚШ президенті Эндрю Джексон Жаңа Орлеанның Британдықтарға төтеп бере алмайтынын айтып, Лафиттен көмек сұрады, себебі АҚШ флоты Лафиттің жеке кемелерінен жиналған болатын.

Бұл да бір жақсы тірлік болды, себебі Жаңа Орлеан осы теңіз қарақшылардың арқасында ғана Британдықтардың алдында тізе бүккен жоқ. Олай болмаса Жаңа Орлеан Британдықтардың шабуыл жасауға, өздерінің әскерін түсіруге ыңғайлы жер болатын еді, және әлгі француз терроры болмағанда қазіргі АҚШ та болмайтын еді ғой.

5. Стивен Декатур : бүкіл Американдық Қарақшы

Стивен Декатур шын мәнінде теңіз қарақшысы стереотипіне жатпайды, себебі ол АҚШ теңіз әскерінің құрметті офицеры болған. Декатур соғыс-теңіз флоты тарихындағы капитан шенін йеленген ең жас офицер болып табылады. Бірақ бұл шындық. Және де ол ең бірінші Американдық батыр атанды, оның суретін 20 долларға да салған болатын.

Ия ол қалай соншама әйгілі болды екен. Теңіз тарихындағы ең аты шыққан рейд жасау арқылы әрине.

Мысалыға 1803 жылы Триполи қарақшылары Филадельфия кемесін жаулап алған кезде, Декатур өзімен бірге саудагерлер секілді киініп алған әскерилерді алып, кеменің артынан қуғынға кетті. Мальти саудагерлері секілді киініп, олар кемені қуып жетіп, тек қылыштарымен ғана қарақшылармен соғысып, бір де бір адамын жоғалтпай, кемені өртеп жіберді. Бұл шайқасты Адмирал Горацио Нельсон осы ғасырдың ең керемет шайқасы деп атады.

Кейін Декатур өзінің кемесінен 2 есе үлкен кемені талқандап рейдтен келгенде, ағасын қарақшылар атып кеткенін естиді. Ол қасына 10 шақты адам алып, сол кеменің артынан барып, кек машинасы секілді ағасын атқан қарақшыны және бүкіл экипажды қиратып салады.

4. Жетекші Қара Сақал, Бенджамин Хорниголд

Бенжамин хорниголд Дарк Вэйдердегі Палпатин императоры болған. Ол кезде біреудің қамқорында болған Бенжамин әлемге әйгілі теңіз қарақшысы болуды армандады.

Хрниголд өзінің қарақшылық мансабын Багам аралдарында бірнеше каноэмен бастаған. Бірнеше жыл өткеннен кейін 30 әскери кемемен ол осы өңірдегі ең күшті қаруланған қарақшы саналды. Мұндай әскермен Хорнигалд сауда кемелерін оп-оңай қиратып салып жүрді. Оңай болғаны соншалықты ол соңына қарай еш қарусыз жәй ғана қолмен және аяқпен төбелесіп жүрді.

Бір кездері Хорниголд Гондурастық кемені қуып жетіп олардың тек тақияларын берулерін сұрады. Себебі алдыңғы күні өзінің адамдары қатты мас болып тақияларын жоғалтып алған көрінеді. Басқа ештеңке де алдмай қайта артқа қайтқан екен.

Бұл оның жалғыз осындай тірлігі емес, тағы да бір ұсталған кеменің капитанының айтуы бойынша, Хорниголд тек Кішкене бөтілке ром, қант және Шотт алған көрінеді.

Соңында Хорниголд қасындағы бірнеше адамымен өзінің қарақшылығын қойып, патшаның кешірімін алып, жәй ғана аңшы болды.

3. Уильям Дампьер, қарақшы ғалым

Ағылшындық Уильям еңбекқор адам болған. Жер бетін 3 рет кемемен шарлап келіп, ғылым жағынан өте танымал болғанымаен, оның Испандық кемелерді тонайтын хоббиі болған, әрине барлығы ғылым үшін )))

Тарихта біз теңіз қарақшыларын өңкей тістері кем жынды қате сөйлейтін адамдар ретінде білеміз, бірақ Дампьер бұның барлығына қарама-қайшы келеді, ол ағылшын тілін тек құрметтеп емес оны ары қарай дамытуға көмегін тигізді. Осы Дампьер ең бірінші болып ағылшын тіліне «барбекю», «Авокадо», «таяқша» деген сөздерді енгізген болатын.

2. Қара Барт

17-ші және 18-ші ғасырларда теңіз әскерінің кемесінде жұмыс жасау өте-өте қиын болған. Сондықтан ешкімнің де ондай жұмысһа барғысы болмаған. Кейде әскерилер адамдарды ұрлап алып кетіп кемелерінде қинап жұмыс жасатқан. Кейін бұл істер дәлелденген де болатын.

Бартоломео Робертс (немесе Қар Барт) өздігінше қарақшы болған. Ең басында ол әскери кемеде құл ретінде жұмыс жасаған, сол кемені қарақшылар жаулап алып, Барттың командасын өздеріне қосып алған болатын. Әрине егер қосылмаса өлтіріп кететін еді ғой. Барт өзінің ақылдылығы мен навигациялық тәжірибесінебайланысты қарақшылар капитанының көмекшісі бола шықты. Капитан өлгеннен кейін қарақшылар кемесінде 6-ақ апта болған Барт капитан сайланды, «Жәй адам болғанша, капитан болған жақсы ғой» әрине.

Кейін Барт аты аңызға айналған қарақшы болды. Бірақ өзінің шыққан жерін ешқашан ұмытпаған, кемені басып алғаннан кейін, оның бортындағы адамдардан капитандары қалай жұмсағанын, ұрып-соқты ма әлде олай болмады ма барлығын сұрап алып отырған. Егерде капитандар ұрып-соққан болса олардың бастарын алып, теңізге акулаларға лақтырған.

Барт өркениетті адам болған. Баяғы өзінқосып алған қарақшыларға 11 баллдық кодексті ұсынған. Онда бортта ешқандай әйел болмауы, азарттық ойындар ойнамау, сағат 8-де жарықтың сөнуі секілді жазылулар болған. Және де егер біреу біреудің затын ұрлайтын болса, сол ұрыны кемеден шығарып тастайтын болған.

1. Гайреддин Барбаросса «Қызыл Сақал»


Сіздер қарақшылар туралы кітаптардан немесе кинофильмдерден олардың бірнеше кемелері мен экипажы болатынын көрген шығарсыздар.  Бірақтан шын мәнінде кейбір қарақшыларда одан да көр болған көрінеді.

Османдық қарақшы Гайреддин Барбаросса Қызыл Сақал  бүткіл мемлекетті басқарған.


Барбаросса басында жәй ғана теңізші көпес болған. Бірақ Сұлтан тағына орнын кандидат еткендіктен Шығыс Жерорта Теңізінен қашуына тура келді. Қарақшы болып бастағаннан кейін ол қазіргі Тунис мемлекеті тұрған жерлерде христиан кемелерін тонаған. Өз мемлекетінен қуылып шаршаған Барбаросса алдындағы тұрған қазіргі Алжир, Тунис және Марокконың жартылай жерлерін жаулап алған.

Ия бұл жігіттің билігі қандай болды? Енді ол жалғыз өзі Венеция, Ватикан, Генуя, Испания, Мальта және Португалтяның біріккен әскеріне төтеп берген. Жалғыз дегенім ол өзі және қол астындағы 122 кемесі ғой.

Осымен соңы, барлық материал Краккед.КОМ сайтынан алынған, және жеке өзім аударғанмын.

Тағы менің Исламның 7 кереметі атты мақаламды көріңіз.

Advertisements

2 пікір

Filed under 7 қарақшы

2 responses to “Тарихтағы ең 7 жан түршіктірерлік теңіз қарақшылары

  1. Бірде-бір сурет көрсетпейді ғой…((((((((((( неге а?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s