7 таңғажайып жерлер


Күнделікті өмірден шаршағаннан кейін, басқа да қызықтарды ойлап, бір керемет ертегідегі жерлерді армандап кетеміз. Міне сол армандағы таңғажайып жерлер мен қалалардың ең кереметтерінің тізімі…

Әрине бұл тізімдегі қалалардың болғандығы немесе оның аңыз екендігін мен тура айта алмаймын…бірақ кереметтігінде шек жоқ.

 

7. Эль Дорадо


Ғажайыптылығының себебі – бұл алтын қала

Эль Дорадо таңғажайып алтыннан салынған қала болатын. Бұл бір өзі армандаған қалаңның бірі, іздегеніңнің барлығын тап осында табуға болады. Қанша осында болсаңызда бәрібір құмарына қана алмайсыз. Ол оңтүстік Американың бір жерлерінде орналасқан, тарихта аты қалған қала.

 

6. Беймени

Ғажайыптылығының себебі – ешқашанда қартаймайсың

Беймени аңызға айналған қала. Онда жасартатын фонтан болған деп айтылады. Одан қалса бұл үлкен байлықтың қаласаы – жер бетіндегі жұмақ деп те атауға болады.

 

5. Валгалла

Ғажайыптылығының себебі – күнделікті шайқас пен мейрамдар

Валгалла Викингтердің аңызында ана өмірге өткеннен кейін баратын жерлері. Енді ол жаққа бару үшін не істеу керек )))) Бірақ олай істеуге тұрарлық жер, күнделікті шайқастар, шайқас соңында мейрам, әрине шараппен бірге, одан қалса ондағы керемет қыздары тағы бар…қысқасын айтқанда керемет уақыт өткізесіз.

 

4. Авалон

Ғажайыптылығының себебі – Артур Патшаға ұнап жатса, бізге де ұнайды деп ойлаймын.

Авалон Артур Патшаның соңғы күндері өткен жер, және Артур патшаның әйгілі қылышы Экскалибурды да осында жасаған.

Және де Авалонда жер бетіндегі ең тәтті алмалар болған.

 

3. Шангри-Ла

Ғажайыптылығының себебі – бұл утопия, арман қала

Шангри-Ла Гималайда орналасқан тылсым алқап. Сыртқы дүниеден жасырылған керемет жер. Ол жердің тұрғындары әрқашанда ауырмай, қартаймайтын болған екен.

Аңыздың елге әйгілілігі сонша, 1938 жылы Неміс нацисттері оны іздеп табуға экспедиция жіберген екен. Бірақ қуанышқа орай олар ештеңе де таба алмай қайтқан.

 

2. Цезарьлар қаласы

Ғажайыптылығының себебі – бриллиант пен алтынның көптігі, және бұл жер сиқырлы.

Көптеген айтулар бойынша бұл қалада алтын мен бриллиантшексіз болған екен. Тіпті бұл қала 2 таудың ортасында орналасқан, біреуі алтыннан, екіншісі бриллианттан болған екен.

 

1. Кер-Ис

Ғажайыптылығының себебі – оргиялар

Кер-Ис – британдық аңыздағы ежелгі қала. Карнуалдық Гардон патша бұл қаланы өзінің қызы Дахутқа арнап соққан екен. Қала теңіз жағалауында үлкен керемет етіп соғылған.

патшаның өкінішіне орай Дахут ханшайын жаман қыз болған екен, сондықтан ол қалада күніге мейрамдар мен жын-ойнақ оргиялар ұымдастырып отырған екен.

Advertisements

Пікір қалдыру

Filed under 7 керемет

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s