Қарапайым адам бара алмайтын жерлер


Жер бетінде біз білмейтін және білгеннің өзінде де бара алмайтын, кіре алмайтын құпия жерлер көп. Осы берілген тізімде қарапайым халыққа есігі жабық, кіре алмайтын жерлерді жазып кетейін.

7. Ватиканның құпия мұрағаттары

Бұл мұрағаттағы документтерді көруге болады, тек өзіңіз кірмейсіз, және де ол документтерге 75 жыл болуы керек осында тұрғанына. Оның себебі дипломатиялық және мемлекеттік ақпараттарды қорғау үшін.

Ватикан мұрағаттарының стеллаждары 84 км ұзындыққа жетеді. Және де өздігінен жиылған 35000 дана документтер бар.

6. Мәскеудің 2-ші метросы

Мәскеудің 2-ші метросы, Ресей қазіргі Мәскеу метросына параллель етіп соққан. Ол Сталин кезінде, D-6 деген кодтық атауменен КГБ жасаған. Ресей журналисттерінің айтуы бойынша Ресейдің Федералдық қауіп қызметі және Мәскеу метросының әкімшілігі бұл метроны жалған деп айтады. Кебір сырт естуге қарағанда бұл метроның ұзындығы кәдімгі метродан әлде қайда ұзын және кей жерлерде тереңдігі 50-100 метрге жетеді. Ол Кремльдегі ФСБ-ның штаб пәтерін, Внуково-2 әуежайын және Раменка жер асты қаласын қосып тұрады екен.

5. White’s Gentlemen’s Club ( Уайт джентльмендер клубы)

Уайттар ағылшындардың ең эксклюзивті клубы болып саналады. Бұл клубты 1963 жылы Италияндық Франческо Бьянко (Фрэнсис Уайт) деген  адам соққан, басында те жаңадан жасалынған шоколад плиткаларын сату үшін ғана болатын, кейін әдеттегі бірақ өте жеке клуб болды. Бұл клубтағылар қатарына қосылу үшін әрине бай және беделді болуың қажет, екіншіден осы клубтың мүшесінің шақыруы бойынша ғана болады.

4. 51 аймақ

51 аймақ дегеніміз АҚШ-тың Невада штатының оңтүстігінде, Лас-Вегас қаласынан батысқа қарай 133-ші км орналасқан құпия әскери аэродромға ұқсаған базаның лақап аты. Базаның басты мақсаты жаңадан жасалған қару-жарақ пен ұшақтарды тестілеу болып табылады. 51 аимақ маңы өте құпиялы болып саналады, және онда кірген адамдарды бірден қырып салады.

3. 39 бөлме

39 бөлме немесе 39 бюро Солтүстік Кореяның ең құпия жерлерінің бірі. Ол 1970 жылдары соғылған болатын.

Бұл бюро туралы аздаған мәліметтер бар, соның ішінде кей жағдайларға қарағанда олар заңға қайшы келетін істермен айналысады, мысалыға наркотик пен қару-жарақ сату секілді. Бюро Ким Чен Ирдің өзінің қарамағында болғандықтан барлық айтылған жағдайларды теріске шығарып отырады. 39 бюро Солтүстік Корея астанасы Пхеньяньда орналасқан деген мәліметтер бар.

2. Ұлы Исэ ғибадатханасы

Ұлы Исэ ғибадатханасы Жапониядағы ең әулие жер болып саналады, ол жүздеген ғибадатханалардан құралған. Ол күн құдайы Алматерасқа арналып, б.з.д. 4 ғасырда соғылған. Әр 20 жыл сайын қайта тұрғызылады (келесі қайта соғу 2013-те болады). Бұл жерге тек әулиенің әулиесі ретінде есептелінетін адам ғана кіре алады және де ол Жапон императорының  жан-ұясынан болуы қажет.

1. Раф Ментвил Хилл

Раф Ментвил Хилл – шшпиондық Эшелон желісіне қосылған Британдық әскери база. Базада ең мықты спутниктік және жер үстілік станцияларыбар, сонымен қатар бұл база жер бетіндегі ең мықты бақылау орталығы болып саналады.

Қазіргі уақытта бұл база бүкіл халықаралық қылмыскерлікті бақылау үшін қолданылуда.

Advertisements

4 пікір

Filed under 7 құпиялы жер

4 responses to “Қарапайым адам бара алмайтын жерлер

  1. 1-ші суреттегі «Ватиканның құпия мұрағаттары» әсерлі екен!

  2. керемет, сіздің жолыңызбен, мен де Маңғыстаудың жеті кереметін жарияламасам… Өз блогыма әрине. 🙂

    • Рахмет…менің де ойымда осы өзіміздің Қазақстанның кереметтерін оның ішінде әр обылыстың керемет жерлері туралы жазамын…бірақ әлі жақсы инфо болмай жүр…егрде информация болса берулеріңізді сұранамын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s