Жаңадан жасалған 7 керемет тізімі


Жаңа 7 керемет тізімі бұрынғы заманның әлемге әйгілі кереметтерінен еш кем де емес. Бұл тізім көптеген интернет пайдаланушылары арқылы дауыс беру әдісімен жасалынағн. 100-деген миллион дауыстардың арқасында таңдалған бұл керемет жерлерге басқа қосып айтарлық еш сөзім жоқ. Бейнелердің астыларында берілген сілтемелер бойынша сіздер толық бейне галлереяларын көре аласыз. Олай болса кеттік,

7. Чиче́н-Ица́, Мексика

[Суреттер галереясы]

Чичен-Ица Мексика мемлекетінің оңтүстік-орталығындағы Юкотан штатында орналасқан, 10 шаршы километрді алып жатқан ежелгі қираған қала. Ица тайпасының әулие қаласы қазіргі Мерида қаласынан 75 батысқа қарай 120 км-де орналасқан. Жергілікті тұрғындардың тілінен аударған ол «Ица тайпасының Құдығы» деген атауды береі.

6. Кешірімді Исаның ескерткіші, Бразилия

[Суреттер галереясы]

Ескерткіш Бразилияда, Рио-де Жанейродо Корково тауындағы Тижука ұлттық саябағында орналасқан. Қалаға қарай қарап тұр. Биіктігі 39.6 метр, салмағы 700 тонна.

5. Мачу-Пикчу, Перу

[Суреттер галереясы]

Мачу-Пикчу Колумбқа дейінгі Инк тайпасының ежелгі қаласы. Перудегі Урубамба бөктерінде 2430 метр биіктікте, Куско қаласынан батысқа қарай 70 км-де орналасқан. Бұл жер Инк өркениетінің ең керемет болған қаласы.

4. Петра, Иордания

[Суреттер галереясы]

Петра рим дәуіріндегі Арабия патшалығының орталығы болған. Қазіргі Йорданияда оның қалдықтары мен қираған орны қалған. Бұрын оны 900 метр биіктікте Сик каньонында соққан болатын.

3. Ұлы Қытай қорғаны, ҚХР

[Суреттер галереясы]

Ұлы қытай қорғаны – Қытайдың солтүстігімен 8000 км-ден астам ұзындыққа созылып жатыр. Б.з.д. 5 ғасырда басталып кейін қайта жөнделуден қаншама рет өткен болатын.

Әрине бардығымыз білетін болатын шығармыз не үшін соғылғаны…сол өзіміздің қазақтың Ғұн тайпасынан қорғану үшін Цинь-ши-Хуанди император соққызған болатын. Сонда қарап отырсақ Ғұн тайпасының қандай керемет кұшті болғанын білеміз.

2. Колизей, Рим

[Суреттер галереясы]

Колизейдің құрылысы б.з. 70-72 жылдары Веспасиан императордың қолдауымен басталған болатын. Ресми ашылуы 80 жылы Тит император 100 күндік ойын-сауықпен өткізген.

Бұл мыңдаған адамдар мен жануарлар арасындағы шайқас алаңы болған, және 50000-дай көрермен сиғыза алған.

1. Тадж-Махал, Үндістан

[Суреттер галереясы]

Тадж-Махал Үндістанның солтүстігіндегі Агр штатында, Джамна өзенінің бойында орналасқан кесене.

Әйгілі Моғол ханы Шах Джаханның қайтыс болған әйелі Мумтаз Махалға деген арнап салдырған кесенесі. Кейін Шах Джаханның өзі де осында жерленген болатын.

Тадж-Махал моғолдардың ең керемет архитектуралық шедеврі болып саналады, оның ішінде үнді, парсы және ислам архитектурасының стильдері пайдаланылған.

Advertisements

Пікір қалдыру

Filed under 7 керемет

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s