Осы күнге дейінгі ең керемет 7 композитор


Әлгі мен осы тізімдерді алып жүрген ағылшын тіліндегі Топ 10 сайтында мына керемет тізімді тауыр алғанымда өзімде қызығып кеттеім де, еш күтпестен оқып отырып аударуға кірісіп кеттім. Менің блогымда мұндай керемет әлемге әйгілі адамдардаың аттары болуына өзім де қатты қуанып кеттім. Ал кеттік онда әдеттегідей соңынан бастайын.

P.S. айта кетерлік жәйт әлгі сайтта лоардың саны 15 болған. Барлығы да жазуға тұрарлық керемет композиторлар еді, бірақ өзім тек 7-ге дейін санай алатын болғандықтан ))) ең керемет деген 7-уін жазып өтейін.

7. Фредерик Шопен

Фредери́к Франсуа́ Шопе́н – 22 ақпанда 1810 жылы, Варшава маңындағы Желязово-Воля ауылында дүниеге келген. Ол композитор, асқан шебер пианиношы және де педагог болған.

Шопеннің өзінің айтуы бойынша ол оркестрлікті түсінбеген, сондықтан достарынан тәлім алған. Рояльда өзі керемет ойнап жатса оркестрдің де керегі жоқ емес па.

Шопеннің мелодияны деген түсінігі керемет болған, ол қысқалай балладалар, этюдтер, сонаталар, мазуркалар, вальстер және де көптеген жанрларда мелодиялар жазған.

Оның ең керемет шығармасы №1 Баллада Соль Минор (жоғарыда соның бейне ролигі).

6. Роберт Шуман

Ро́берт Шу́ман – 8 маусымда 1810 жылы Бонн қаласында, Германия, туылған. Ол немістің ең керемет композиторы, дирижер және педагог болған. 19 ғасырдың еінші жартысындағы айтарлықтай керемет композиторлардың бірі болған.

Ол барлық жанрлардың кемеңгері болған. Оның ең керемет жұмыстары, шығармалары Фортепианолық Концерт пен Фортепианолық Квинтет болған.

5. Франц Шуберт

Франц Пе́тер Шу́берт – 31 қаңтарда 1797 жылы, Австрияда Лихтеналь қаласында дүниеге келген. Әйгілі автриялық композитор, 600 дан астам әндер мен 9 симфонияның авторы.

Шуберт әуен жазудың кемеңгері болған, біреуін бітіре салып оны лақтырып жіберіп екіншісіне көше берген деп айтылады. Өзінің карьерасының 16 жылында 650 әуен жазып қойған етін.

Оның ең керемет шығармасы Траут деп аталатын Фортепианолық Квинтеті. Және де оның 8-ші мен 9-шы симфониялары әлемді дүрліктірген болатын. Әскери Маршы мен Нахт пен Траум да(жоғарыда берілген) керемет еді.

4. Рихард Вагнер

Вильгельм Рихард Вагнер – 22 мамырда 1813 жылы Лейпциг қаласында дүниеге келген. Ол  композитор, философ, драматург, революционер болған.

Вагнер өзі өте жағымсыз және жаман адам болған. Ол еврейлерді жек көрген. Бірақ оның әуендерін тыңдап отырып ондай жаман жақтарын ұмытып та ктесіз, ондай адам екеніне сенудің өзі қиынға түседі. Ол көбіне опералар жазған. Ең керемет шығармалары – «Танхаусер», «Лохенгрин», «Мэйстерзингер фон Нюрнберг», «Парсифаль», Тристан мен Изольда» (жоғарыда берілгені) және әйгілі 4 циклдық операсы «Нибелунг сақинасы».

3. Людвиг ван Бетховен 

Лю́двиг ван Бетхо́вен – 17 желтоқсанда 1770 жылы Бонн қаласында дүниеге келген. Композитор, дирижер, пианист және «Веналық 3 классиктің» бірі болған.

Өзінің карьерасын ол Моцарт пен Гайднның музыкаоарын оинап бастаған, және осы екеуінен кейінгі керемет классик ретінде танымал болған.

Бетховеннің ең керемет шығармалары: 9-шы симфония (жоғарыда берілген), 5-ші пианино концерті, скрипкамен ойнаған әуені, және оның Салтанатты Мессасы.

Ол осының баріне қол жеткізіп, өкінішке орай ғұмырының соңғы 25 жылы бойы керең болып өткізген.

2. Вольфганг Амадей Моцарт

Иога́нн Хризосто́м Во́льфганг Теофи́л Мо́царт – 27 қаңтарда 1756 жылы Зальцбург қаласында дүниеге келген. Ол композитор, капельмейстер, шебер скрипкашы, клавесинист, органист болған.

Музыкалық данышпан, ең танымал классик болған. Ол 41 симфония, 27 фортепианолық концерт, көптеген камералық музыка, 23 опера, 18 фортепианолық соната, 36 скрипкалық соната, виолончельмен, органамен, 18 масса, сонымен қатар 1 реквием, 20 қатар квартет, серенадалар және көптеген басқа шығармаларды жазған.

Моцарт ең тұғыры биік композитор болған. Шуберт, Чайковский, Сен-Санс, Шопен және де басқалары оның жолын тілеп содан үйренген.

Моцарттың ең керемет шығармасының  бірі оның «Дон Жуан» операсы болар (жоғарыда берілген).

1. БАХ

Иога́нн Себастья́н Бах – 31 науырызда 1685 жылы Эйзенахта туылған. Неміс композиторы, барокко эпохасының өкілі, органист-виртуоз, музыкалық педагог болған. Музыка тарихындағы ең әйгілі композитор.

Бах кез келген жанрда керемет шедеврлар жазған, оның қатарында ең керемет Бранденбургтық концерт деп аталатын 6-шы Гросси концерті бар (жоғарыда берілген). Тағы да ол ең керемет рухани музыкасы Месса си Минорды жазған.

 

Advertisements

2 пікір

Filed under 7 композитор

2 responses to “Осы күнге дейінгі ең керемет 7 композитор

  1. Тамаша аударма, әрі ғажап саздар!!! рақмет 7 керемет

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s