Category Archives: 7 керемет

Жаңадан жасалған 7 керемет тізімі


Жаңа 7 керемет тізімі бұрынғы заманның әлемге әйгілі кереметтерінен еш кем де емес. Бұл тізім көптеген интернет пайдаланушылары арқылы дауыс беру әдісімен жасалынағн. 100-деген миллион дауыстардың арқасында таңдалған бұл керемет жерлерге басқа қосып айтарлық еш сөзім жоқ. Бейнелердің астыларында берілген сілтемелер бойынша сіздер толық бейне галлереяларын көре аласыз. Олай болса кеттік,

7. Чиче́н-Ица́, Мексика

[Суреттер галереясы]

Чичен-Ица Мексика мемлекетінің оңтүстік-орталығындағы Юкотан штатында орналасқан, 10 шаршы километрді алып жатқан ежелгі қираған қала. Ица тайпасының әулие қаласы қазіргі Мерида қаласынан 75 батысқа қарай 120 км-де орналасқан. Жергілікті тұрғындардың тілінен аударған ол «Ица тайпасының Құдығы» деген атауды береі. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Пікір қалдыру

Filed under 7 керемет

7 таңғажайып жерлер


Күнделікті өмірден шаршағаннан кейін, басқа да қызықтарды ойлап, бір керемет ертегідегі жерлерді армандап кетеміз. Міне сол армандағы таңғажайып жерлер мен қалалардың ең кереметтерінің тізімі…

Әрине бұл тізімдегі қалалардың болғандығы немесе оның аңыз екендігін мен тура айта алмаймын…бірақ кереметтігінде шек жоқ.

 

7. Эль Дорадо


Ғажайыптылығының себебі – бұл алтын қала

Эль Дорадо таңғажайып алтыннан салынған қала болатын. Бұл бір өзі армандаған қалаңның бірі, іздегеніңнің барлығын тап осында табуға болады. Қанша осында болсаңызда бәрібір құмарына қана алмайсыз. Ол оңтүстік Американың бір жерлерінде орналасқан, тарихта аты қалған қала. Оқуды жалғастыру

Пікір қалдыру

Filed under 7 керемет

7 кереметтің келесі бір тізімі.


Әдетте бұл ғажайып жерлерді кейбіреулерің ғаламтордан көрген боласыздар, бірақ бұл тізімдегі керемет жерлерді баяғы танымал «7 керемет» секілді көп елдер біле бермейді. Оған қарамастан бұл тізімдегі әрқайсысы туралы айтып өтуге әбден болады. Сондықтан келесі жерлерді ең болмаса суреттен көріп біле отырыңыздар.

7. Банауэ Күріш Террассалары, Филиппин аралдары

Банауэ Күріш Террасаларын Филлипинде Ифугао тауларында 2000 жыл бұрын Филлипиндықтардың ата-бабалары жасаған. Олар бұл күріш Террасаларын жер бетіндегі 8-ші керемет деп атаған. Барлық жұмыс әрине қолдан жасалынған. Террасалар жер бетінен 1500 метр биіктікте орналасып, тау беткейлерінің 10360 шаршы шақырым аймағын алып жатыр. Мұнда су жоғарыда орналасқан ежелгі тропиктік ормандар арқылы келеді.

Егерде осы текпішектерді ұзыннан бірінен кейін бірін қоятын болса жер бнтінің жартысын орайды екен. Жергілікті тұрғындар осы күнге дейін мұнда күріш пен жеміс-жидек егіп өсіріп жатыр. Бұл керемет жерлерге жақсы күтім қажет.

6. Сигирия, Шри-Ланка

Сигирия (Арыстан тауы) Шри-Ланкадағы Матала деген жерде орналасқан ежелгі тас бекініс, айналасында бақтар мен су қоймалары орналасқан. Және тағы да бір туристтерді қызықтыратыны ол Үндістандағы Аджанта үңгірлеріне ұқсаған сылақ жазулары (фреска). Сигирия 470 жылдары Кассапа 1 патшаның билік еткен кезінде соғылған. Шри-Ланка ең керемет жерлерінің бірі саналады.

5. Аджанта үңгірлері, Үндістан

Аджанта үңгірлері Үндістандағы Махараштра ауданында орналасқан. Ол үңгірдің ішінде танысуға арналып жасалған ескерткіштер және будда дінінің ең керемет шедеврлары ойылып салынған. 480 жылдарға дейін Аджанта үңгірлері қараусыз қалған. 1300 жыл бойы үңгірдің аймағында орман өсіп оны сырт көзден тығып қалған. 1819 жылы ғана Мадрастағы британ офицері тигрдің артынан қуып сол жерге тап болған, содан қайта табылған. Тек құстар, жарқанаттар мен жануарлардың апаны болып кеткен екен. Капитан Смит қабырғаға өзінің аты мен сол күнгі датаны жазып кеткен.

4. Метеора

Метеора («тоқтатылған жартастар») Грецияның Афон тауларынан кейінгі екінші үлкен және маңызды монастырь болып табылады. Орталық Грецияда Пинео өзені мен Пинд тауының аймағында 6 монастырь соғылған болатын. Монастырьлерге жол өте қиын етіліп жасалған, оларға жету үшін көптеген текпішектерден өту қажет. Жоғарыға жету үшін құдайға деген сенімдері мықты болу керек.

3. Баган, Мьянма

Баган Бирмадағы Мандалай ауданында орналасқан ежелгі қала. Ежелгі Бирманың көптеген мемлекеттерінің астанасы болған, сол ензден бері аты Arimaddanapura немесе Arimaddana (қарсыластарды қиратушы қала), Tambadipa (жез Жері) немесе Tassadessa деп ауысып келген.

2. Лептис Магна, Ливия

Лептис Магна Рим империясының көрнекті қаласы болған. Оның қираған үйінділері Ливияда Аль Хумс деген жерде орналасқан. Бұл аймақ Рим империясының қол тигізбеген ең көрнекті жерлерінің бірі болып табылады. Қаланы б.з.д. 1100 жылы Финникиялықтар соққан деген деректер бар, бірақ кейін б.з.д. 4 ғасырда Карфаген Жер Орта теңізінің ең мықты державасы болып, бұл қаланы өзінің қарамағына алған. Соңына келе б.з.д. 146 жылы Рим Империясының бөлігі болады.

1. Цельсий кітапханасы, Туркия

 

Цельсий кітапханасы 12000 свитоктарды сақтау үшін және Цельсий (92 жылы консул және 115 жылы Азияда губернатор болған) моласының монументі ретінде соғылған болатын. Бұл ғимарат ежелгі Римнен қалған маңызды кітапхана.

This slideshow requires JavaScript.

1 пікір

Filed under 7 керемет

Исламның 7 кереметі (бейне фильм [ағылшынша])


Ислам дініне назар…шет елге дайындалған ағылшын тіліндегі ислам туралы бейне фильм. Ағылшынша түсінсеңіз өте керемет және түсінікті етіп түсірілген.

Исламның 7 кереметі (1/8 бөлім)
Оқуды жалғастыру

2 пікір

Filed under 7 керемет

Исламның 7 кереметі


Ислам діні өте жаңа және де таза дін.

Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тəңір жоқ екендігіне жəне Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен жəне дене мүшелерімен куəлік беруді айтады.

Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл əрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат4 жоқ.Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-əрекет міндеттелмеген.

Міне осы керемет әлемнің өзінің де кереметтері бар. Сол керемет мешіттерді тізіп өтейін.

7. Дженне мешіті

Оқуды жалғастыру

4 пікір

Filed under 7 керемет

әлемнің 7 кереметі


Әдетте ең бірінші жазуымды сол баяғы мектеп кезде тарихтан оқыған 7 кереметтен бастап, есімізге бір түсіріп алсам ба деймін.

ал бастайық

This slideshow requires JavaScript.

7. Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құ-дайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің кереметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды. 977 жылы Родос аралын жаулап алған арабтар алып мүсіннің қирандыларын бір бай көпеске сатып жібереді. Оқуды жалғастыру

6 пікір

Filed under 7 керемет