Tag Archives: Аджанта

7 кереметтің келесі бір тізімі.


Әдетте бұл ғажайып жерлерді кейбіреулерің ғаламтордан көрген боласыздар, бірақ бұл тізімдегі керемет жерлерді баяғы танымал «7 керемет» секілді көп елдер біле бермейді. Оған қарамастан бұл тізімдегі әрқайсысы туралы айтып өтуге әбден болады. Сондықтан келесі жерлерді ең болмаса суреттен көріп біле отырыңыздар.

7. Банауэ Күріш Террассалары, Филиппин аралдары

Банауэ Күріш Террасаларын Филлипинде Ифугао тауларында 2000 жыл бұрын Филлипиндықтардың ата-бабалары жасаған. Олар бұл күріш Террасаларын жер бетіндегі 8-ші керемет деп атаған. Барлық жұмыс әрине қолдан жасалынған. Террасалар жер бетінен 1500 метр биіктікте орналасып, тау беткейлерінің 10360 шаршы шақырым аймағын алып жатыр. Мұнда су жоғарыда орналасқан ежелгі тропиктік ормандар арқылы келеді.

Егерде осы текпішектерді ұзыннан бірінен кейін бірін қоятын болса жер бнтінің жартысын орайды екен. Жергілікті тұрғындар осы күнге дейін мұнда күріш пен жеміс-жидек егіп өсіріп жатыр. Бұл керемет жерлерге жақсы күтім қажет.

6. Сигирия, Шри-Ланка

Сигирия (Арыстан тауы) Шри-Ланкадағы Матала деген жерде орналасқан ежелгі тас бекініс, айналасында бақтар мен су қоймалары орналасқан. Және тағы да бір туристтерді қызықтыратыны ол Үндістандағы Аджанта үңгірлеріне ұқсаған сылақ жазулары (фреска). Сигирия 470 жылдары Кассапа 1 патшаның билік еткен кезінде соғылған. Шри-Ланка ең керемет жерлерінің бірі саналады.

5. Аджанта үңгірлері, Үндістан

Аджанта үңгірлері Үндістандағы Махараштра ауданында орналасқан. Ол үңгірдің ішінде танысуға арналып жасалған ескерткіштер және будда дінінің ең керемет шедеврлары ойылып салынған. 480 жылдарға дейін Аджанта үңгірлері қараусыз қалған. 1300 жыл бойы үңгірдің аймағында орман өсіп оны сырт көзден тығып қалған. 1819 жылы ғана Мадрастағы британ офицері тигрдің артынан қуып сол жерге тап болған, содан қайта табылған. Тек құстар, жарқанаттар мен жануарлардың апаны болып кеткен екен. Капитан Смит қабырғаға өзінің аты мен сол күнгі датаны жазып кеткен.

4. Метеора

Метеора («тоқтатылған жартастар») Грецияның Афон тауларынан кейінгі екінші үлкен және маңызды монастырь болып табылады. Орталық Грецияда Пинео өзені мен Пинд тауының аймағында 6 монастырь соғылған болатын. Монастырьлерге жол өте қиын етіліп жасалған, оларға жету үшін көптеген текпішектерден өту қажет. Жоғарыға жету үшін құдайға деген сенімдері мықты болу керек.

3. Баган, Мьянма

Баган Бирмадағы Мандалай ауданында орналасқан ежелгі қала. Ежелгі Бирманың көптеген мемлекеттерінің астанасы болған, сол ензден бері аты Arimaddanapura немесе Arimaddana (қарсыластарды қиратушы қала), Tambadipa (жез Жері) немесе Tassadessa деп ауысып келген.

2. Лептис Магна, Ливия

Лептис Магна Рим империясының көрнекті қаласы болған. Оның қираған үйінділері Ливияда Аль Хумс деген жерде орналасқан. Бұл аймақ Рим империясының қол тигізбеген ең көрнекті жерлерінің бірі болып табылады. Қаланы б.з.д. 1100 жылы Финникиялықтар соққан деген деректер бар, бірақ кейін б.з.д. 4 ғасырда Карфаген Жер Орта теңізінің ең мықты державасы болып, бұл қаланы өзінің қарамағына алған. Соңына келе б.з.д. 146 жылы Рим Империясының бөлігі болады.

1. Цельсий кітапханасы, Туркия

 

Цельсий кітапханасы 12000 свитоктарды сақтау үшін және Цельсий (92 жылы консул және 115 жылы Азияда губернатор болған) моласының монументі ретінде соғылған болатын. Бұл ғимарат ежелгі Римнен қалған маңызды кітапхана.

This slideshow requires JavaScript.

Advertisements

1 пікір

Filed under 7 керемет