Tag Archives: араб

Жер бетінде ең көп адамдар сөйлесетін тілдер!


Тіл адамзаттың ең қажетті құралы, адам заты тілдің арқасында осы қазіргі жағдайға да жетіп отыр. Қазіргі таңда жер бетінде көптеген әр-түрлі тілдер бар. Осы мақаламда Ең көп қолданылатын, ең көп адамдар, халық сөйлесетін тілдердің тізімін жазып өтпекшімін.

7. Бенгали

Сөйлейтін адам саны – 211 миллион

Бангладеште халық саны – 120 миллион. Соның барлығы бенгали тілінде сөйлейді. Үндістанмен қоршалып жатып, халық санының тез өсуіне байланысты бенгали тілін сіз ойлағаннан да көп адам қолданады.

Бенгали тілінде «Сәлеметсіз бе» деген – «Ei je» болады.

 

6. Араб тілі

Cөйлейтін адам саны- 246 миллион

Араб тілі ежелгі тілдердің бірі. Көбіне Қиыр Шығыста – Сауд Арабиясы, Кувейт, Ирак, Сирия, Йордания, Ливан және Мысыр елдерінде сөйленеді.

Қасиетті Құран кәрім араб тілінде жазылғандықтан барлық мұсылман жамағаты араб тілін біледі. Бұл тіл бойынша көптеген ғылыми ізденіс жұмыстар болғаннан кейін, БҰҰ оны жер бетіндегі ресми  6-шы тіл ретінде қойды.

Араб тілінде «Сәлеметсіз бе» «Al salaam a’alaykum» болады.

 

5. Орыс тілі

Cөйлейтін адам саны- 277 миллион

Орыс тілі – бұл ұлы Пушкин мен Лермонтовтардың тілі. Ия біздің Қазақ жерінде қазіргі күні орысша білмеймін деген қазақ жоқ шығар, қайта олар қазақша сөйлей алмайды ғой. Міне осылай баяғы Совет өкіметі мемлекеттерінің көбісі қолданылатын бұл тіл 5 орынға шығып отыр.

Орысша «Сәлеметсіз бе» әрине сіздің білетіндей сол баяғы «Здраствуйте» болады.

 

4. Испан тілі

Cөйлейтін адам саны- 392 миллион

Испан тілінде бүткіл Орталық және Оңтүстік Америка тұрғындары сөйлейді, соның ішінде Куба мен Испанияны да қоса кетсек болады.

АҚШ-ты бастауыш мектептерінде испан тілі сабағы жүргізіледі. Американдық сөздердің бір шамасы осы испан тілінен алынғандықтан бұл тіоге деген қызуғышылық көп.

Испан тілінде «Сәлеметсіз бе» деген «Hola» болады.

 

3. Үнді тілі

Cөйлейтін адам саны – 497 миллион

Үнді тілі Үндістанның ресми тілі. Бірақ оның көптеген диалекттері бар. Ең көп сөйленетіні әрине өзіміздің білетін хинди. Менің олай жазған себебім Үнді фильмін көрмеген адам жоқ шығар.

«Сәлеметсіз бе» деп үнді тілінде «Namaste» болады.

 

2. Ағылшын тілі

Cөйлейтін адам саны – 508 миллион

Ағылшын тілін мен өзім бұрын ең 1-ші орында тұрытын деп ойлайтынмын. Бірақ өкінішке орай 2-ші орында екен. Сонда да ағылшын көптеген мысалыға: Жаңа Зеландия, Аустралия, АҚШ және Ұлы Британия мемлекеттерінің ресми тілі болып саналады. Қап әттеген-ай деп енді 1-ші орындағыны көрейік.

«Сәлеметсіз бе» деген ағылшынша »Hello» болады.

 

1. Мандарин тілі

Cөйлейтін адам саны – 1 миллиардтан жоғары

Ал басына да жетіп қалдық, міне 1-ші орында ең халқы көп ел Қытайдың тілі мандарин. Ағылшын тілін артқа қалдырып кеткен бұл тілді үйренуде өте қиын. Бірақ 1 миллиард халық сөйлеп жүрсе сенде үйреніп көр.

Мандаринше «Сәлеметсіз бе» »Ni Hao»болады екен.

 

2 пікір

Filed under 7 тіл